Астанада қазіргі уақытта жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, жастарға арналған денсаулық орталығы – жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық. Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді.
2023 жылы қала бойынша жастарға арналған денсаулық орталығының саны едәуір өсті. Бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға әкелді.
Мәселен, егер 2022 жылы орталық мамандарына 52 мыңнан астам адам жүгінсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есеге – шамамен 116 мың адамға дейін артты.