Астанада жастар арасында веложарыс өтті

28 Тамыз 2023, 14:20
726
Бөлісу:
Астанада жастар арасында веложарыс өтті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында Астанадағы «Триатлон» саябағында веложарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Winox» фитнес-клубымен бірлесіп, салауатты өмір салты қажеттілігі идеясын қалыптастыруға бағытталған «Bolashaqqa Jol» жобасы аясында екінші мәрте веложарыс ұйымдастырылды.

Астанада жастар арасында веложарыс өтті

Аталмыш іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

Астанада жастар арасында веложарыс өтті


Веложарыста жастардың бос уақытын тиімді өткізуге басымдық беріледі. Іс-шара аясында кішкентай балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында диджейдің қатысуымен ерекше шоу-бағдарлама, сол сияқты пена пати мен зумбадан мастер-класстар қоса өткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ай сайын кемінде бір спорттық іс-шара өткізетіндігін айтты.

Астанада жастар арасында веложарыс өтті

Елорданың 400 мыңнан астам тұрғыны – 14-35 жаста.Өкінішке қарай, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге деген тәуелділік және т.б жаман әдеттер артып кетті. Алдағы жылдары осы іс-шара дәстүрлі түрде өтеді деп, сенемін», - деді Шыңғыс Тілеулин.

Веложарыс барысында әділдік болу үшін, қала ішінде жүретін велосипедпен жарысуға рұқсат етілді.

Астанада жастар арасында веложарыс өтті

Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар анықталды:

1-орын: Рауан Ибраһим (14 жас);
2-орын: Николай Таржанов (17 жас);
3-орын: Данил Абраменко (14 жас).

Веложарысқа 100-ге жуық адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы