Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

11 Қараша 2022, 22:05
2382
Бөлісу:
Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Елордадағы Ұлттық музейде жан-жануарды суретке түсіріп, құжаттаумен айналысатын National Geographic зерттеушісі, табиғат жанашыры, фотограф Джоул Сарторидың көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Айта кетерлігі, бұл мәдени іс-шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұған дейін көрме Лос-Анжелестегі Annenberg Space for Photography-де, Еуропада –Испанияның Мадридтегі ұлттық музейінде және Азияда – Оңтүстік Кореяның Сеул ғылыми орталығында таныстырылған. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Көрмеге әйгілі фотограф Джоул Сарторидың әлем елдерінің хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстары қойылған. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Көрменің ашылу рәсіміне бірқатар салалық министрлік басшылары мен депутаттар, ұлттық компаниялар мен қоғам белсенділері қатысты.

National Geographic журналы ТМД-да бойынша 6 жылдан бері біздің елде ғана жарыққа шығып келеді. Басылымымызды шығаратын компанияның ағартушылық бағыттағы қызметі де бар. Соның бірі – осы көрмені өткізу, - деп атап өтті журналдың жауапты редакторы Айбын Шағалақов. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Сартори көрмеде құстарды, балықтар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушыларды, қосмекенділер мен омыртқасыздарды қоса алғанда, 20 000 түрдің портретін қамтуды мақсат еткен. Осы күнге дейін ол 13 000-нан астам жан-жануар түрін суретке түсіріп үлгерген. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Сарторидің жануарларды түсіруі – дүние жүзіндегі ең атақты зообақтарды аралап шығу емес. Өкінішке қарай, жыл сайын әлемде жануарлардың жүздеген, өсімдіктердің мыңдаған түрі жойылып кетеді. Осылайша, фотограф фото арқылы нені жоғалтып жатқанымызды көрсеткен. Урбанизацияның кесірінен біздің балаларымыз сиырдың не екенін көрмеген. Табиғатпен үзіліп кеткен байланысымызды осындай жобалар арқылы түсіндіруіміз керек, - дейді көрмені тамашалауға келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Астанада жануарларды суретке түсіретін әлемге танымал фотографтың көрмесі ашылды

Көрме Астанада 4 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы