Астанада және еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

19 Ақпан 2025, 23:31
221
Бөлісу:
Астанада және еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Синоптиктер, ертең, 20 ақпанда Астанада және елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында да тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман байқалады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Атырауда да қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі.

Астанада кей уақыттарда тұман байқалады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы