28 қазаннан бастап маршруттық желіге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ жаңа автобустарды сатып алу аясында елордада №27 жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаңа бағыт "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" - "Бағыстан" тұрғын үй кешені" қатынасымен жүретін болады.
Бағдар "Қорғалжын кварталы" ТК, Е-128, Әйтеке би және Әнет баба, Қ. Мұхамедханов көшесіне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады. Сығанақ көшесімен жүретін және "Шығыс" ТК, "Sat City" ТК тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыратын № 29, 29А, 49, 61 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
Бұдан басқа, Орынбор, Түркістан, Ф. Оңғарсынова, Е-117 көшелері, Ботаникалық бақ, Ұлы Дала даңғылы, "Венский Квартал", "Besterek", "Jetisu.Aqsu" және "Бағыстан" тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.