Бүгіннен бастап Астанада №49 және №57 жаңа бағдарлары іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
№ 49 жаңа бағдары Көктал-2 мен Ұлы дала даңғылы бағытында қатынайды және Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, «Көктал» саябағын Жағалау елді мекенін байланыстырады.
Сондай-ақ Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, «Dastur», «Home Land», «Athletic city» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.
Бағдар бойынша 12-15 минуттық арақашықтықпен 10 автобус жүреді.
№57 бағдар «Төле би көшесі» – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы» қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға №92 мектеп пен Айнакөл көшесі, «Хабар» ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді, - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлардың қозғалыс сызбалары желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып әзірленгенін атап кеткен жөн.