Астанада жалған билетпен ұшуға тырысқан жолаушы ұсталды

Астанада ер адам жалған билетпен ұшаққа отыруға әрекеттенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 23 Ақпан 2025 2025, 17:28
23 Ақпан 2025 2025, 17:28
744
Фото: pixabay.com

Астанада ер адам жалған билетпен ұшаққа отыруға әрекеттенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айласы отырғызу талонын тіркеу кезінде әшкереленіп, ұсталды. Сот шешімімен оған 300 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды.

Елордалық пробация қызметінің мәліметінше, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігіне сай келеді.

Елордалық азамат пробация қызметінің есебіне алынып, әкімдік маманы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, қала аумағында қар тазалау жұмыстарына жіберіледі.

Пробация қызметінің бастығы Ернар Ильяшевтің айтуынша, қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, пробация қызметінің қызметкерлері оның қоғамдық жұмыстарын тұтқындауға ауыстырып, оны бас бостандығынан айыру орындарына жібере алады.

Наверх