Астанадағы «Жастар» сарайы жөнделеді

25 Қаңтар 2019, 19:23
4037
Бөлісу:
Астанадағы «Жастар» сарайы жөнделеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жақын уақытта «Жастар» сарайына жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды. Бұл туралы ол жастар істері жөніндегі кеңес жұмысы барысында мәлімдеді. 


«Біз «Жастар» сарайына жақын арада жөндеу жұмыстарын жүргізу шешімін қабылдадық.  Ол жерде жастар орталығы, «Рухани жаңғыру» бойынша шараларды жүзеге асыру орталығы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылатын болады.  (...) Осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын. Жақын уақытта бұл орталықты таныстыруымыз керек», - деді Сұлтанов.  

Әкімдіктің мәліметінше, Жастар сарайының базасында Jastar Synenergy  жастар орталығын құру шешімі қабылданған. Бұл жерде жастар ұйымдары үшін қазіргі азаманғы коворкинг, ашық кітапхана, «Рухани жаңғыру» қалалық жобалық кеңсесі, жастар саясатында жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін Азаматтық бастамалар орталығы, «Жас Сарбаз» қалалық жастар әскери-патриоттық қоғамдық бірлестігі және елордалық баспасөз орталығы жайғасады.
Өзгелердің жаңалығы