Астанада волейболдан Қорғаныс министрлігінің чемпионаты басталды

10 Шілде 2023, 20:50
561
Бөлісу:
Астанада волейболдан Қорғаныс министрлігінің чемпионаты басталды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде жарыстың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионатқа қырық команда құрамында төрт жүздің үстінде спортшы қатысуда.

Волейболшыларға арнап Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер Бас штабының спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы подполковник Асан Нартаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ойынды қызықты өткізуді, допты дұрыс беруді және нәтижелі соққылар жасауды тіледі.

Волейбол сабақтары күшті, ептілікті, зейін қою мен сенімділікті қалыптастырады. Барлық осы қасиеттер әрбір әскери қызметшіге қажет. Сендерден қызықты әрі нәтижелі ойын күтеміз және ең мықты деген команда жеңіске жетсін, – деді ол.

Астанада волейболдан Қорғаныс министрлігінің чемпионаты басталды

Жарыс екі құрамда Қарулы күштердің XIII Спартакиадасы аясында өтуде. Бірінші құрамда Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері жарысады. Екіншісінде – Қарулы күштердің бас басқармалары мен басқармаларының, сондай-ақ Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері бақтарын сынайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы