Астана қаласының әкімдігі маусым айының 25 күні елорданың жиырма бес жылдығына орай өтетін "бұқаралық веложарысқа" шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты Үркер (Ильинка) "Жасыл белдеу" тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін жалғасады. Басталуы 09:00.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі. Мерекелік веложарысқа қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, - деп жазды Астана қаласының Спорт басқармасы.