Астанада вакцинация пункттеріне жеткізетін арнайы автобустар шықты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Елордада Сарыарқа ауданы тұрғындарын вакцинация пункттеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің&nbsp;<a href="https://astana.gov.kz/kz/news/news/28579" target="_blank">ресми сайты</a>&nbsp;хабарлайды.</h4>

 24 Тамыз 2021 2021, 07:47
24 Тамыз 2021 2021, 07:47
7501

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Сарыарқа ауданы тұрғындарын вакцинация пункттеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 аудандарынан емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады.

Автобустардың жүретін уақыты мен орны туралы ақпаратты инспекторлардан білуге болады:

  • Агроқалашық инспекторы – 8 701 527 98 99.
  • Көктал -1 және Көктал-2 инспекторы – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданындағы емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

Елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі сауда ойын-сауық орталықтарында 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.

Наверх