Астанада үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидасы бекітіледі

Кеше, 19:32
322
Бөлісу:
Астанада үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидасы бекітіледі
Фото: Архив BAQ.KZ

«Ашық НҚА» порталында «Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының шешім жобасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат үй жануарларын ұстау және серуендетудің үлгілік қағидаларымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Үлгілік қағидаЭкология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығымен бекітіліп, 2023 жылғы 19 қыркүйекте өзгерістер енгізілген болатын.

Құжатта жануардан бас тарту басқа адамның үй жануарларын сатып алғанға дейін иесінің міндеттерін тоқтатуға әкелмейтіні туралы айтылады. Тұмылдырық итке тасымалдау кезінде, адамдар бар жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар белгілеген жерлерде киіледі, ал кейбір жағдайларда қарғыбаудың ұзындығы бір жарым метрден аспауы керек.

Сондай-ақ елдімекендерде иттердің өздігінен жүруіне тыйым салынады. Үй жануарларының мінез-құлқын бақылай алмайтын адамдарға жануарларды серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте жүруге рұқсат етпейді.

Құжат талқылауға шығарылған уақыттан бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы