Астанада үш метрлік орға құлап кеткен ер адамды құтқарушылар экскаватормен алып шықты

 ҚР ТЖМ видеосынан скриншот 18 Қазан 2026, 09:17
18 Қазан 2026, 09:17
115
Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Астананың Байқоңыр ауданында құтқарушылар тереңдігі шамамен үш метрлік орға түсіп кеткен адамды алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға Солтүстік айналма тасжолында болған. Адамның орға құлап кеткені туралы құтқарушыларға 103 қызметінен хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері зардап шеккен адамды экскаватор мен зембілдің көмегімен жоғары көтеріп, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Ведомство зардап шеккен адамның жағдайы туралы мәлімет берген жоқ.

Наверх