Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада "Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы" өтеді

18 Қазан 2025, 10:50
536
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясының “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады.

Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады. Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл – ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.

Астанада "Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы" өтеді

Анимациялық фильмдер Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1) сағат 16:00-ден бастап көрсетіледі.
Кіру тегін!

Өзгелердің жаңалығы