Астанада Сарыарқа ауданында орналасқан тұрғын үйлердің аулаларының бірінен жылан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары күтпеген жағдайға аула аумағында пайда болған жыланға тап болды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сондай-ақ екінші оқиға Шымкент қаласының Еңбекші ауданында үй аулаларының бірінде орын алғаны белгілі болды.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыландарды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.
ТЖМ жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажеттігін ескертеді.