Астанада цифрлық мамандықтарға тегін оқыту басталды

13 Қазан 2023, 00:33
1080
Бөлісу:
Астанада цифрлық мамандықтарға тегін оқыту басталды
Фото: baq.kz

Елордалықтар қысқа мерзім ішінде заманауи мамандықтың иесі атанып, жұмысқа орналаса алады. Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жолтап» жобасы арқылы жұмыс іздеген әр азамат 7 цифрлық дағдынының бірін меңгере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде мобилограф, смм маманы, таргетолог сынды салалар бар. «Жолтап» жобасының «Фриланс мүмкіндік» оқыту жүйесі 1 айды қамтиды. Қазір 177 елордалық жұмыссыз азамат қалаған саласы бойынша білім алып келеді. Басты мақсат – декреттегі аналар мен жұмыссыз жастарға мол мүмкіндік ашу, табыс табу жолдарын көрсету.

Біздің бірінші оқушылар ағыны қазіргі кезде 177 адам жазылды. Қазан айында басталды. Келесі жылдың ішінде 3 мыңдай адамды оқыту біздің мақсатымыз.

Қысқа мерзімді оқытуға жазылу «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде өтеді. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша білім алуға ұмтылғандардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындар, - дейді сараптама бөлімінің менеджері Ерасыл Ділдәим.

Айта кетейік, «фриланс мүмкіндік» оқыту жүйесі үшін білім алушылар ақы төлемейді. Оқуды аяқтаған соң, сертификат табысталады.

Өзгелердің жаңалығы