Төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында болған.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
- Балалық шақ қауіпсіз болуға тиіс!