1 қарашада Астанада төрт қабатты жеке тұрған паркингтің екінші қабаты қалың түтінге оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін жеке жабық паркингтің екінші қабаттындағы автокөліктен өрт шыққандығы анықталды.
Өрт толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша паркингте жеңіл автокөлік өртенген. Үй-жайларды желдету жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ, – деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.