Астанада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді

22 Наурыз 2024, 18:29
546
Бөлісу:
Астанада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді
Фото: gov.kz

23 наурыз күні сағат 10.00-де Астанада өңіраралық "Тазалық эстафетасы" аясында Жаңа жыл жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен кездесуін айшықтайтын "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Акцияға қала тұрғындары, бизнес өкілдері, құрылыс компаниялары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар және т.б. қатысады.

Биыл Қазақстанда Наурвз 10 күн тойлануда. 23 наурызда Наурызнамның онкүндігінде Тазару және жаңару күні аталып өтеді.

Өзгелердің жаңалығы