Ауа райының нашарлауына байланысты елордалық жарақат пунктері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ересек адамдар мына жарақат пунктерінде қабылданады:
* Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);
* Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана). Балалар жарақат пунктері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
* Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);
* Желтоқсан көшесі, 2 (№2 қалалық емхана).
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын өте сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жарақат алмау үшін дәрігерлер ыңғайлы, табаны жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді. Жарақат алған жағдайда дереу медициналық көмек көрсету пунктеріне хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз: