Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Тарас Шевченкоға арналған көрме ашылды

5 Қыркүйек 2025, 02:34
526
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Тарас Шевченкоға арналған «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» атты көрме ашылды. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп отыр.

Экспозицияда украин халқының ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченконың қазақ жеріндегі шығармашылығы мен этнографиялық мұрасы ұсынылған. Көрменің басты мақсаты – қазақ және украин халықтарының тарихи-мәдени байланысын көрсету және Шевченконың қазақ даласындағы мұрасын кеңінен насихаттау.

Көрме 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы