Астанада тәлімгер ауруханадан алтын ұрлаған

Бүгiн, 13:33
202
Бөлісу:
Астанада тәлімгер ауруханадан алтын ұрлаған

Елорда тұрғыны жұмыс орнында алтын бұйымдарының ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері аталған мекемеде техникалық қызметкер болып тағылымдамадан өтіп жатқан 20 жастағы жігітті анықтады. 

Ол кешкі ауысым кезінде қызметкерлердің киім ауыстыратын бөлмесінде куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, медбикенің шкафынан алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.Ұрлықтан келген материалдық шығын 960 мың теңгеден асады. Келесі күні қаскүнем өнімді ломбардқа өткізгені анықталды. Полиция қызметкерлері заттай айғақтарды тәркіледі.Астана қ. Полиция департаменті қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы