Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті

Бүгiн, 17:08
176
Бөлісу:
 Сенаттың баспасөз қызметі
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті. Биыл жобаға 1000-нан астам өтінім түсіп, конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті: бір орынға 14 үміткерден келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы дәрісті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып, цифрлық технологиялар дәуіріндегі аналитиканың рөлі мен мемлекеттік басқарудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аналитикалық ойлауы жоғары, заманауи тәсілдерді меңгерген жаңа буын мамандарды даярлаудың маңызын үнемі атап келеді.

Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті


Бесінші ағымның тақырыбы ретінде «SMART GOVERNANCE: тиімді мемлекеттік басқару үшін деректер, аналитика және жасанды интеллект» бағыты айқындалды. Бүгінде цифрлық технологиялар мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына еніп отырған кезде, озық цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін мамандардың аналитикалық дағдыларымен ұштастыра білу аса маңызды. Аналитика мектебі – бұл заманауи басқару мәдениетін қалыптастыруға және Big Data мен жасанды интеллектпен жұмыс істей алатын, сонымен қатар жоғары деңгейдегі аналитикалық құзыреттерге ие жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған біздің жүйелі үлесіміз. Бесінші ағымға қатысушыларды сегіз аптаға созылатын мазмұнды білім беру бағдарламасы, тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен командалық жұмыс және қазақстандық әрі шетелдік жетекші мамандармен кәсіби қарым-қатынас күтіп тұр, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті

Биылғы оқу бағдарламасы SMART GOVERNANCE тақырыбына арналған. Қатысушылар деректер, аналитика және жасанды интеллектке негізделген 7 бағыт бойынша командалық жобалар әзірлейді.

Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті


Оқыту 8 аптаға жалғасады. Қорытындысында дайындалған аналитикалық ұсынымдар Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдарға жолданады.

Өзгелердің жаңалығы