Астанада талапкерлерге оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсетіледі

27 Шілде 2023, 11:55
1104
Бөлісу:
Астанада талапкерлерге оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсетіледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елордалық түлектерге оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсету жалғасып жатыр. Оқуға грант түріндегі әлеуметтік көмек алу үшін құжат қабылдау жалғасуда. Өтініштер 21 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (213 240 теңге) аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде беріледі. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім, бала жасынан мүгедектігі бар, көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде тәрбиеленген түлектер арасында бөлнеді, -деп хабарлады қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова Астана қаласының коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде.

Сұранысқа ие медицина, педагогика және техникалық мамандықтарға басымдық берілген. 

Өтініш беруге қажетті құжаттар тізімі мынадай:

1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет; 
3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);
5) туу туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
6) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат; 
7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты;
8) банк шотының нөмірі туралы ақпарат;

Тестiлеу кезiнде ең төменгi баллды жинай алмаған түлектерге әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Өтініштер Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайында қабылданады.

Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы