Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылады

Айғаным көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 Маусым 2023 2023, 21:15
АВТОР
 Астана әкімдігі 13 Маусым 2023 2023, 21:15
13 Маусым 2023 2023, 21:15
985
Фото: Астана әкімдігі

Айғаным көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды.

Жөндеу жүргізуге байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Наверх