Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су өшеді

7 Қараша 2024, 17:28
360
Бөлісу:
Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су өшеді
Фото: Арман Мухатов -архив

Ертең Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 қарашада Астананың Есіл ауданы сағат 08.30-дан 17.30-ге дейінгі аралықта жылу желісінен ажыратылады. Осыған байланысты жылу мен ыстық су болмайды, - деп хабарлайды «Астана-Теплотранзит» компаниясы.

Компанияның мәлімдеуінше, желіде апат болмаған тек кран ғана ауыстырылады. Жылуды өшіру бейсенбіге жоспарланған, ауа райының қолайсыздығына ол байланысты жұмаға ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы