Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

20 Сәуір 2024, 21:28
577
Бөлісу:
Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш кеңес Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының қорғаныс министрі келеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы