Астанада сайлау күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

17 Наурыз 2023, 12:08
945
Бөлісу:
Астанада сайлау күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Алдағы жексенбі, яғни 19 наурыз күні Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді. Елордада сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін бұл күні қалалық маршруттардың бәрі тегін жүретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана  әкімдігіне сілтеме жасап.

19 наурызда автобустар таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін штаттық режимде жүреді. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғын елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:

1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/

2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot

3. Smart Astana мобильді қосымшасы;

4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.

Айта кету керек, 2004 жылдан бері алғаш рет дауыс беру жаңа ережелер бойынша өтеді – депутаттар аралас жүйе бойынша сайланады.

Сонымен, сіз тек партия үшін ғана емес, тәуелсіз кандидаттар үшін де дауыс бере аласыз. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында елорда тұрғындары түрлі түсті бюллетеньдердің төрт түрін алады. Бланкілер әр түрлі түсті болады.

Мәжіліс депутаттарын партиялық тізімдер бойынша таңдау үшін – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл. Қалалық мәслихатқа дауыс беру үшін күлгін және қызғылт сары түсті бюллетеньдер болады. Әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады.

Өзгелердің жаңалығы