Астанада Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Бүгін Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 10 Қыркүйек 2025 2025, 00:56
10 Қыркүйек 2025 2025, 00:56
845
Фото: pixabay.com

Бүгін Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар электр қалқанындағы электр желісінің жануын дер кезінде сөндіріп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінен баспалдақ маршы және арнайы АКП-90 техникасы арқылы 8 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өртті сөндіру және құтқару жұмыстары барысында тұрғындар құтқарушыларға шынайы алғыстарын білдірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Наверх