Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгiн, 14:41
139
Бөлісу:
Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр
PHOTO VIDEO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңбұзушыларды анықтау бойынша қаланың барлық ауданында күн сайын мониторинг жүргізіліп, кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 344-бабына өзгертулер енгізіліп, оған сәйкес рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін айыппұлдар күшейтілді.

Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр

Рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 АЕК-ке дейін (393 200 теңгеден 3 млн 932 мың 200 теңгеге дейін) айыппұл салынады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзғаны үшiн жеке тұлғаларға және кәсiпорындарға 200-ден 2000 АЕК-ке дейiнгi (786 400 теңгеден 7 млн теңгеден астам) мөлшерiнде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, қоқыс төгу кезінде пайдаланылған көліктер мен басқа да заттарды тәркілеу жөнінде қосымша санкция қарастырылған. Бұл шаралар жаңа санкцияланбаған полигондардың пайда болуын болдырмауға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы