Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтіп жатыр

26 Сәуір 2025, 11:38
526
Бөлісу:
 © Sputnik / Санат Имангалиев
Фото: © Sputnik / Санат Имангалиев

Астанада Run for Autism үшінші қайырымдылық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, биылғы марафонға 3 мыңнан астам адам тіркелген.

Биылғы марафон аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған. Қатысуышлар 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіреді. "Run for autism" аясында ерекше балаларға арналған "Көңілді старттар" спорттық ойын-сауық эстафетасы өтеді.

Жиналған қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады. Марафонды ұйымдастырушы – "Болашақ" қоры.

Жарысқа қатысушыларға сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысушылардың саны жыл санап артып келе жатқаны өте қуантады. Бірнеше жыл бұрын Run for Autism жарысына мыңға жуық адам қатысса, биыл 3 мыңнан астам қатысушы тіркелді, - деді Әшімбаев.

2023 жылдан бастап "Run for autism" марафонына 3 351 адам, оның ішінде 200-ден аса ерекше бала қатысты. Екі жыл ішінде 20 миллион теңгеден астам қайырымдылық қаражат жиналды. Оған Астана балабақшаларында 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 80-нен астам бала алғаш рет балабақшаға барды.

Өзгелердің жаңалығы