Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада рейстер кешігіп жатыр: 5 бағытта ұшып шығу кейінге шегерілді

6 Қаңтар 2026, 15:12
237
Бөлісу:
 Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келу бағытында жеті рейс кешіктірілген, Түркістаннан келетін бір рейс тоқтатылған. Келу рейстерінің кешіктірілуі мен тоқтатылу себептерін ұшып шығу әуежайлары мен әуе компаниялары анықтайды.

Ұшып шығу бағытында бес рейс кешіктірілді. Шымкент пен Қостанай бағыттарындағы рейстердің кешігуіне бару әуежайларындағы қолайсыз метеожағдайлар себеп болған. Ал Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер әуе кемесінің кеш келуіне байланысты кейінге шегерілген.

Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ. Әуежай мен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылап отыру ұсынылады, – деп мәлімдеді елорданың әуе айлағында.

Өзгелердің жаңалығы