Астана қаласының Білім басқармасы мен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің Республика күніне арналған «Мектеп және медиасауаттылық» атты бірлескен жобасының бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Республика күніне арналған «Мектеп және медиа сауаттылық» атты жоба аясында аптаның әр сейсенбі, бейсенбі күндері мектеп ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» атты Жолдауында «жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес» деп ерекше атап өткен. Яғни Әділетті елді, Жаңа Қазақстанды шынайы жүзеге асыруда журналистер үлкен рөлге ие.
Медиа-кездесудің мақсаты – Астана қаласындағы мектептермен әріптестік байланысты арттыру, қаламгерлерді оқырмандарымен кездестіріп, шығармашылық шабыт беру, астаналық газеттің мазмұндық деңгейін көтеруде мұғалімдер арасынан авторлар тарту, журналист болуға ниетті жасөспірімдерді қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау, «Мектептегі журналистика» бағдарламасының әлеуметтік-педагогикалық бағыт-бағдарын айқындауға атсалысу, сол сияқты жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуға үлес қосып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Медиа-кездесудің тәртібі:
- Редакцияның 2 журналисі белгіленген мектеп ұжымымен кездесіп, мектеппен байланысты арттыру;
- мектепте өтетін ашық сабақтарға қонақ ретінде қатысу немесе шығармашылықпен әуестенетін оқушылармен кездесу;
- оқушыларды мақала жазуға дағдыландыру үшін практикалық жұмыстар жүргізу;
- мектеп өмірімен танысып, арнайы репортаждар дайындау.
Медиа-кездесудің нәтижесі:
- Астана қаласындағы білім беретін ұйымдар мен медиа серіктестіктің арасында шығармашылық байланыс артады;
- мектептегі позитивті жаңалықтарды насихаттап, ұстаздардың тәжірибесін, оқушылардың жетістігі дәріптейді;
- журналистер мектеп оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін арттыруға үлес қосады;
- жоба «Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында өтетін шығармалар байқауының марапаттау салтанатымен қорытындыланады.
Жоба аясында кездесу өтетін мектептер:
1. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия;
2. №38 мектеп-лицей;
3. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі;
4. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі;
5. Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі;
6. Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі;
7. Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі;
8. Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы;
9. Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы;
10. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі;
11. Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы;
12. Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы;
13. Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы;
14. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы;
15. Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясы.