Астанада Республика күніне орай ерекше челлендж басталды

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары "Менің Қазақстаным!" атты ақция бастады. Жастар үйлердің балкондарына көк туымызды іліп қойды, Астана көшелерінде 1000-ға жуық ту ілініп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov.kz 21 Қазан 2025 2025, 21:23
21 Қазан 2025 2025, 21:23
797
Фото: gov.kz

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары "Менің Қазақстаным!" атты ақция бастады. Жастар үйлердің балкондарына көк туымызды іліп қойды, Астана көшелерінде 1000-ға жуық ту ілініп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл акция елорда көшелеріндегі жүрген астаналықтар мен қала қонақтарына жүрек тебірентер әсер сыйлады. Астаналықтар акцияға қосылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік рәміздерін орналастыру туралы ережеге сәйкес, азаматтар өз үйлерінің ғимараттары мен балкондарында патриоттық сезімдерді білдіру және Ұлттық жетістіктерді қолдау мақсатында мемлекеттік туды пайдалануға құқылы.

Мемлекеттік рәміздерді пайдаланудың белгіленген стандарттарын сақтау қажет.

Наверх