Астанада Республика күніне арналған отшашу ұйымдастырылады

23 Қазан 2024, 22:50
344
Бөлісу:
Астанада Республика күніне арналған отшашу ұйымдастырылады
Фото: Арман Мухатов -архив

Астанада республика күніне демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы