Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті

25 Қазан 2024, 21:35
387
Бөлісу:
Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордалық Триатлон саябағында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам келді. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін 2500 отшашу ұшырылды. Ұзындығы 150 метрді құрады.

Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті

Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.

Сонымен қатар мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және т.б. тұлғалар марапатталды.

Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.

Өзгелердің жаңалығы