Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жалпыреспубликалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Қазір оған дейін 25 күн қалды.
Кері санақ таблолары елорданың бірқатар маңызды нысанында орнатылды: шолу дөңгелегінде және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында. Таблолар нақты уақыт режимінде референдумға дейін қалған күндерді көрсетіп тұр.
Сонымен қатар, елордада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының қалалық штабы ашылған. Коалиция құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. Оның аясындағы алғашқы ірі іс-шаралардың бірі – реформаны қолдауға арналған live-концерт, оған 10 мыңнан астам адам қатысқан.