Астана қаласы Нұра ауданындағы Тұран даңғылында құрылыс алаңында жеке тұрған контейнер өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында тұрмыстық үй-жайға бейімделіп жабдықталған контейнердің жануы 80 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.