Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада қоймадан шыққан өрт толықтай сөндірілді

Кеше, 18:43
283
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Астанада өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт Сарайшық ауданында Шарбақты көшесінде шыққан. Келген бойда бір қабатты қойманың шатыры ашық жанып жатқаны анықталды. Дереу өрт сөндіру шлангілері тартылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында екі өрт сөндіру бекеті құрылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру ғимараттың конструкциялық ерекшеліктері мен жоғары өрт қауіптері салдарынан қиындық тудырған. Өрт ошақтарына қол жеткізу және жалынның әрі қарай таралуын болдырмау үшін шатыр ашылған.

Өртсөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы