Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек "Астана – АЭК"АҚ-ға арнайы барып, қаланы электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен біргеталқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаланың кеңейіп, тұрғындар санының өсуін ескерер болсақ, коммуникацияларға түсетін күш артып келеді. Барлық желі бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сол сияқты кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын, - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұдан бөлек,"Мыңжылдық" аллеясы аумағындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторлары 80 МВА-ға ауыстырылып, "Жұлдыз" 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысы жүргізіледі.
Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа "Қазбек" 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды.