Халықаралық форум барысында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа талдамалық жүйесі таныстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында “Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин мәлімдеді.
Бір алаңда біз тау-кен металлургия саласының (ТМК) өкілдері, отандық тауар өндірушілер, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері, инвесторлар, халықаралық сарапшыларды жинап, ТМК-ны дамыту, тау-кен металлургия кешеніндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі жаңа тәсілдер, елішілік құндылықты дамыту жөніндегі халықаралық компаниялардың озық тәжірибелерін талқылаймыз, – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.
Оның айтуынша, жер қойнауын пайдалану саласы отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынудың айтарлықтай әлеуетіне ие.
KPMG тұлғасындағы халықаралық консультанттардың шамамен есептеулеріне сәйкес, дайын тауарлар импортын ТМК-ға 1,2 трлн теңге сомаға ауыстыру кезінде жыл сайынғы салық түсімдерінің 86 млрд теңге сомасында өсуі мүмкін. Қосымшада 48 мың жұмыс орны, өңдеуші өнеркәсіптегі орта кәсіпорындардың өнім шығарылымын орта есеппен 40% - ға ұлғайтуды қолға алынбақ, - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.