Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды

30 Желтоқсан 2022, 11:35
1019
Бөлісу:
Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды

Астанада Сарыарқа ауданының 2 соты Қайрат Боранбаевтың ісін қарауға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ, "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтаған болатын.

Олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлап, қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікке ілінді.

23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберген.

"Qazaq Gaz" компаниясына келген шығын толығымен өтелді. Ақша ұлттық компанияның шоттарына аударылды. Айыпталушылардың 38 миллиард теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлкіне, 3 көлігіне бұғат қойылды.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын да хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы