Оқырмандар күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына шолу жасап, өнімдерді қайдан сатып алу тиімдірек екенін біле алады, деп хабарлады BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
Сандық деректерге сәйкес, сәбіз 115-200 теңге аралығында сатылуда. Ал қырыққабат 90-150 теңге тұрады. Пияз бағасы 110-180 теңге аралығында сатылуда.
Ең арзан картоп «Шапағат» базарында сатылады: бір келісі 130 теңге. Ал өзге үш сауда орталығында картоптың бір келісі 130 -160 теңге аралығында сатылуда.
Өзге де азық-түлік тауарларының бағасы төмендегі кестеде: