Астанада қар күреуге 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды

17 Наурыз 2024, 18:10
335
Бөлісу:
Астанада қар күреуге 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: gov.kz

Астанада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы жұмыс істейді. 17 наурыз күні қар күреуге 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

17 наурыз күні таңертең қала көшелерін қардан тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 iмыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

16 наурыздан 17 наурызға қараған түні коммуналдық қызметкерлер полигондарға 1,2 мыңнан астам рейс жасап, 16,4 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс басынан бері елордадан 472 мың рейс арқылы 6,4 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Ең алдымен орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы