Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды

Бүгiн, 15:15
89
Бөлісу:
 Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қалың қар жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

31 желтоқсан күні қала аумағынан қар полигондарына 1 016 жүк көлігі арқылы 13 мың текше метрден астам қар шығарылды.

1 қаңтарға қараған түні көше-жол желісін тазалау жұмысына 269 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыстар негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүріп жатыр.

Қыс маусымы басталғалы бері қар полигондарына жалпы көлемі 1 390 944 текше метр қар шығарылды. Бұл 106 497 жүк көлігі рейсіне тең.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

Қыс мезгілі басталғалы бері шамамен 4 000 тонна техникалық тұз қолданылды. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарға шығар алдын ауа райын ескеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы