Бұл туралы Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәселен, биыл 1 қазаннан бастап эпидемиологиялық маусымның басталғалы ЖРВИ белгілерімен жүгінген пациенттерден 614 сынама іріктеп алынды. 272 оң нәтиже анықталды. Оның ішінде, 1 микст жағдайы (а типі H1N1 pdm09 + в типі): В-200 типті тұмау вирусы; А типті вирус(H1N1 pdm09) – 71; А типті вирус (Н3N2) – 1 жағдай. 215 оң жағдайдың ішінде COVID-19 вирусы – 5 жағдайда ПТР әдісімен оқшауланған. Тұмауға арналған басқа теріс материалдар басқа вирустарға зерттеліп, сәйкесінше, келесі нәтижелер алынды. Риносинтициальды вирус – 21, бокавирус – 14, риновирус – 14, аденовирус – 7, микст инфекциясы (екі немесе одан да көп вирус) – 4, 3 типті парагрипп - 3, 4 типті парагрипп - 2, метапневмовирус-3, коронавирус (HCoV-OC43) – 5, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Айтуынша, тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірнеше қағиданы естен шығармаған жөн.
1. Науқас адамдармен байланысты және адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз.
2. Бетперделер мен антисептиктерді қолданыңыз;
3. Бөлмелерді желдетіп, үнемі ылғалды тазалап отырыңыз.
4. Медициналық көмекке уақытылы жүгініңіз.
Сондай-ақ елордалық СЭБД астаналықтарды COVID-19-ға қарсы вакцинаны дереу алуға шақырады. Вакцинация және ревакцинация әлі де инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді деп отыр.