Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
- "Республикалық Бас мешіт" мешіті – Целинный шағын ауданы, "Есу каналы" аялдамасы және Республика даңғылы.
- "Әзірет Сұлтан" мешіті – "Спутник" супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.
- "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешіті – "Көктал-1,2" тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.
- "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті – "Көктал-1,2" тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.
- "Рахымқызы Райса ана" мешіті – "Рахмет" сауда орталығы.
Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.