Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Отырыста маңызды заң жобасы қаралады.

 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 10:10
Бүгiн 2026, 10:10
196
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге жоспарланғаны айтылдын. Тиісті қаулы Қазақстан Республикасы Парламентінің регламентіне сәйкес қабылданған.

Отырыстың күн тәртібіне «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қарау мәселесі енгізілген.

Жиын барысында депутаттар Алатау қаласының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған заң жобасының негізгі ережелерін талқылайды деп күтіліп отыр.

Еске салайық, заң жобасы бір апта бұрын бірінші оқылымда қаралған болатын.

Наверх