Астанада панкратионнан халықаралық турнир өтті

Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алу мақсатында «Алатау» спорт кешенінде панкратионнан турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

8 Мамыр 2023 2023, 16:05
АВТОР
 Elorda.info 8 Мамыр 2023 2023, 16:05
8 Мамыр 2023 2023, 16:05
988
Фото: Elorda.info

Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алу мақсатында «Алатау» спорт кешенінде панкратионнан турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Іс-шараның салтанатты ашылу сәті Ақмола облысы бойынша Ауғанстанда 20 жастарында қаза тапқан 17 жауынгерді аза тұтумен басталды.

 

Одан кейін аралас жекпе-жектен 10 дан иегері, Эрик Асеновтің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Қырғызстанның жас споршылары арасында 10 салмақ бойынша жекпе-жектер ұйымдастырылды.

Панкратион – тек төбелес емес, ол бокс, каратэ, ушу-саньда, тай-бокс, таэквондо сынды спорттың жиынтығынан құралады, -дейді Атақты бапкер Эрик Асенов.

Жасөспірімдердің өз-өзін қорғау және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат ететін турнирдің соңында спортшылар мақтау қағазы, медальмен марапатталды.

Наверх