Елордадағы «Астана Арена» стадионында Backstrеet Boys тобы концерт өткізеді. Концертке қанша турист келетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әйгілі топтың концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді. Олардың қатарында Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа мемлекеттердің тыңдармандары бар.
Ең сәтті поп-группалардың бірі саналатын ұжым 130 миллионнан астам альбомын сатқан.
Астанадағы концерт топтың әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. 2025 жылы Backstrеet Boys Лас-Вегастағы The Sphere аренасында рекорд орнатты. Топтың шоуына 500 мыңнан астам билет небәрі бір күнде сатылып кеткен.
Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Backstreet Boys Алматыда, ал 21 қыркүйекте Астанада өнер көрсетеді.